×

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Вакцинациялауға жататын адамдардың 92 пайызы егілді

 Динара Амантай 23.03.2024 | 17:15
фото: vlast.kz

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, соңғы 2 айдың ішінде қызылша ауруы 38 пайызға төмендеді. Қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92 пайызы егілді.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасып жатыр. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет. Вакцинациялау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз, – делінген ДСМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама