Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары Наурызды жаңа форматта атап өтіп жатыр. Әрбір мерекелік алаңда ұлттық ойындар, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге, киіз үйлер мен алтыбақандарды тігуге арналған конкурстар ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға елорда тұрғындары жаппай қатысып жатыр. Барлық 5 ауданда жаппай мерекелік іс-шаралар өтсе, соның ішінде тұрғын үй алаптары мен үйлердің аулаларында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.
22 наурызда сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі», «Бәйтерек» монументтерінің жанында, Астаналық саябақтың аумағында, EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді. Әртістер қала тұрғындары үшін анимациялық, театрландырылған және концерттік бағдарламалар дайындап отыр.
Қоғамдық кеңістіктерде этно-ауылдар ашылды, онда фудкорттар, жәрмеңкелер жұмыс істейді, шеберлік сыныптары өткізіледі, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сонымен қатар, таңертеңнен бастап ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Есіл ауданы бойынша мерекелік іс-шаралар мына орындарда ұйымдастырылған:
Сарыарқа ауданы бойынша:
Мерекелік іс-шаралар қала алаңында өтеді, 22 наурызда өткізу уақыты – 12:00-ден 16:00-ге дейін.
Нұра ауданы бойынша:
22 наурызда сағат 13:00-ден бастап, Орталық саябақта палау фестивалі жалғасады. Оны Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан және т.б. елдердің аспаздары дайындайды. Екі киіз үйді Тәжікстан мен Иран елшіліктері ұйымдастырады. Қонақтарға осы елдердегі Наурыз мерекесінің әдет-ғұрыптары мен ерекшеліктері туралы айтылады. Қонақтарға арнап фотоаймақтар, аниматорлар-батырлар, бүркіттер, бассейндер, концерттік бағдарлама, наурыз көже әзірленді.
Байқоңыр ауданы бойынша мына орындар анықталды:
Алматы ауданы бойынша:
22 наурызда ЭКСПО халықаралық көрме орталығында «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі жалғасады. Айта кетейік, 21 наурыздағы алғашқы жұмыс күнінде іс-шараға рекордты көлемде 30 мың адам қатысты.
Жәрмеңке 22 және 23 наурызда 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
22-24 және 29-31 наурызда Қуыршақ театрында «Наурыз-Думан» қуыршақ шоуы өтеді.
23 наурыз – Тазарту күні. Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында көрермендерді А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасы күтеді.
23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Астанада «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Бұл – дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен өтетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
23 наурызда «Тазалық эстафетасы» аясында елордада «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді. Акция аясында аулаларды қар мен қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.