×

Қарағанды облысында цементсіз қаланып жатқан үйге байланысты әкімдік жауап берді

Казнетте құрылыс барысында орын алған олқылықтың видеосы тарады

 Динара Амантай 31.05.2022 | 15:10
Коллаж: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде Жаңаарқа ауданы тұрғынының жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып түсірген видеосы тарады. Ол қабырғасы тұрғызылған нысанның үстіне шығып, кірпіштері еш бекітілместен, цементсіз қаланып жатқанын көрсетеді.

Аталмыш жағдайға байланысты аудан басшылығы жауап берді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тексеру бойынша аудан әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылды. Бүгін, сағат 10:00-де аудан әкімінің орынбасары Айқын Елеусізов, құрылыс бөлімінің басшысы Тоқсан Бабасов, аудан прокурорының көмекшісі Мақсат Балташев, қоғамдық кеңес мүшесі Рабани Нұркеев, «Аmanat» партиясының хатшысы, аудандық депутат Өмірзақ Уалиев, сондай-ақ аудан тұрғыны Алмас Қайранбеков барып тексерді. Нысанның басында бас мердігер, техникалық қадағалау мамандары болмағандықтан, аталмыш мамандар шақырылып, қосымша кездесу жоспарланды, – деп мәлімдеді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстарына жауапты бригада жетекшісіне әзірге жұмысты тоқтату туралы тапсырма берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51

Қуантыров Қазақстанның санкцияларды айналып өтетін аумақ еместігін ескертті

Жалпы, санкция салатын – сіздер, зардап шегетін – біз, - деді министр
09.06.2023 | 13:34

Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы жүйе қалыптасқан – халықаралық сарапшылар

Өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы стандартты мониторингке қойылды
09.06.2023 | 13:13

Қарақшылық үшін 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер анықталды

Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, сол елде отбасын құрған
09.06.2023 | 12:48