Соңғы 10 жылда 600-ге жуық елді мекен жойылған

Еркеғали Болатұлы

Халықтың шамамен 38-39%-ы ғана ауылда

фото: atr.kz

Еліміздегі елді мекендер саны 6 838-ден 6 256-ға қысқарды, деп хабарлады 31 арна.

Бұл үрдіс жалғаса береді, себебі кішігірім ауыл халқы іргесіндегі ірі елді мекендерге қоныстанып жатыр. Қазір ауыл халқының саны 7 миллион 600 мыңнан асады. Демек қазақстандықтардың шамамен 38-39%-ы әлі күнге дейін ауылда тұрып жатыр.

Кейінгі жылдары елді қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік жобалар қолға алынды. Дегенмен күнкөріс деңгейі төмен өлкелер жетерлік. Бұдан бөлек, жұмыссыздық мәселесінің де өршіп тұрғанын ұмытпаған жөн. Үкімет тұрғын саны аз, кішкентай елді мекендерге қаржы бөлмейді. Басымдық халық көп шоғырланған ауылдарды дамытуға беріледі. Жергілікті әкімдік әу бастан-ақ «болашағы жоқ» ауылдарды қаржыландырудан қашады. Бірақ қазір мұндай тәжірибенің де пайдасы бар, өйткені халық саны көп ауылдар әп-сәтте-ақ қалаға айналып шыға келеді.

Бәрі халықтың келісімімен жасалады. Ол ауылға қала мәртебесі, не керісінше қалаға ауыл статусы берілсе де әкімдік тұрғындармен ақылдасуға тиіс. Мәселен, қазір 18 елді  мекен бар деп отырмыз. Онда халық саны 30 мыңнан асады. Олар мәртебесін өзгерткісі келсе, мәслихат деңгейінде талқылап, шешім қабылдауға құқылы, – деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбаеков.