×

Қарағандылықтар Наурыз мейрамын бір ай бойы тойлатпақ

Басты шаралары 22 наурызда Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді

 Еркеғали Болатұлы 21.03.2024 | 16:19
фото: ekaraganda.kz/Константин Сорокин

Қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағында 14 наурызда тігілген киіз үйлер жұртшылыққа 14 сәуірге дейін мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Бүгін «Наурыз керуені» мерекелік автобустарының жастар шығармашылық ұжымдары қала тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтап жүр. Ал Наурыз мерекесінің басты шаралары 22 наурызда Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтетін болады.

Бұдан бөлек, қаламыздың Теміржолшылар, Молодежный, Майқұдық мәдениет үйлерінің алаңдарында концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. «Жастар» спорт кешенінде ұлттық спорт түрлері қазақ күресі, арқан тарту, қошқар көтеру, асық ату және тоғызқұмалықтан жарыстар өтеді, - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Садуақасова.

Ұлыстың ұлы күні 23 наурызда «Тазалықты сақтайық» экологиялық акциясымен жалғасын таппақ. Ол күні қала тұрғындары, жастар мен еріктілер көшелерді, үй аулаларын, саябақтарды тазалайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама