Halyq Uni логотип
×

Шымкентте «ең адал» деп танылған полицейдің өзі қамауға алынды

Ол өзінің бастығы, полковник Мұхтар Бұхарбаевты лауазымдық өкілеттіктерін шектен асырды деп айыптаған болатын

 Еркеғали Болатұлы 21.03.2024 | 15:22
Шымкентте «ең адал» деп танылған полицейдің өзі қамауға алынды
фото: Halyq Uni

Шымкентте белгілі полицей Азамат Айымбетов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен бопсалау және пара алды деген шағым түскен.

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы өңірдің патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты делдалдар арқылы бопсалау және пара алу фактісі туралы қала тұрғындарының арыздары бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Азамат Айымбетов әлеуметтік желіде өзінің бастығы, полковник Мұхтар Бұхарбаевты лауазымдық өкілеттіктерін шектен асырды деп айыптаған болатын. Сол сәтте ол бастығының өзін қымбат заттар сатып алуға мәжбүрлегенін айтып, Ішкі істер министрлігінен шара қолдануды сұраған еді.

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану және антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң жауапкершілік жүктейді. Бұрынғы сіңірген еңбегіне қарамастан, кінәлі адам нысанды киімдінің ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды, – делінген ақпаратта.

Осылайша, көпшілікке «Шымкенттегі ең адал полицей» деген атпен танылған рота командирінің өзі айыпты болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама