Суға батып кетуі мүмкін 21 адам құтқарылды
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында суға бату салдарынан адам өліміне, сондай-ақ автокөліктің батуына әкелуі мүмкін 13 оқиға тіркеліп, 21 адам құтқарылды. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін былтыр жазда 200-ге жуық адамның суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.