Қосшыда 40 жастағы ер адам бастауыш сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан
Бастауыш сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан ер адам әлі қамауға алынбаған
30 мамырда кешкі сағат 5-тер шамасында Қосшы қаласындағы 17 үйдің ойын алаңында 9 жастағы екі мектеп оқушысы шекісіп қалып, оған балалардың бірінің әкесі араласып, ұлын «ренжіткен» оқушыны аяусыз ұрып-соққан.
40 жастағы ер адам алдымен балаға жұдырық жұмсап, артынан оның басын асфальтқа ұра бастаған. Соның салдарынан баланың денесі көгеріп, тістері сынып, аузынан қан кеткен. Көзінің асты қатты көгеріп қалған.
Бастауыш сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан ер адам әлі қамауға алынбаған.
«Баланы ұрып-соққан адамдарға өркениетті қоғамда орын жоқ. Бұл адамға қатысты барынша қатаң шара қолданып, зардап шеккен баланың ем-домын толық өтеуі керек. Егер қазір шара қолданбаса, ертең ол кісі өлтіруді бастайды», - дейді тұрғындар Ішкі істер министрлігіне жүгініп.
30 мамыр күні Қосшы қаласының полиция бөліміне Ю.Манукян есімді тұрғын М.Ақсабаев деген азаматтың үстінен (ұрып-соққан азамат) шағымданған. Шағымда айтылғандай, 2012 жылы туған балаға дене жарақатын салған.
Полиция бөлімі шағым бойынша сот-медициналық сарапта жасауды тапсырды.