×

Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркелді

 Еркеғали Болатұлы 20.03.2024 | 10:25
фото: vyksavkurse.ru

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда кешкі сағат 21:00-де Бостандық ауданында болған.

Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, апат Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама