Абай облысында мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жауапқа тартылды

Динара Амантай

Олар инвестордың жұмысына негізсіз кедергі келтірген

Фото: Halyq Uni

Ақпанда Абай облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңгеден асатын 250-ден астам жұмыс орнын қамтитын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын іске асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады.

Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ның инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқаны анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқығы қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.