Балабақша кезегінің бірыңғай базасы іске асырыла бастады

Еркеғали Болатұлы

Жоба пилоттық режимде жүргізіліп жатыр

фото: burobiz.ru

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Жоба қазір Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Петропавл, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр, - делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасын 1 қыркүйектен бастап барлық өңірде іске қосатындарын жеткізген болатын. Бұл базада балабақшаны таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта жүргізіледі.