Балабақша кезегінің бірыңғай базасы іске асырыла бастады
Жоба пилоттық режимде жүргізіліп жатыр
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Жоба қазір Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Петропавл, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр, - делінген ақпаратта.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасын 1 қыркүйектен бастап барлық өңірде іске қосатындарын жеткізген болатын. Бұл базада балабақшаны таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта жүргізіледі.