Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында көпбалалы ана 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді (ВИДЕО)

Жарысқа қатысу үшін іргелес ауылдар мен елді мекендерден ересектер, әсіресе, әйелдер келген

 Еркеғали Болатұлы 18.03.2024 | 16:16
Маңғыстау облысында көпбалалы ана 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Маңғыстаулық көпбалалы ана Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Қарақия ауданының Сенек ауылында Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық спорт түрлері бойынша сайыс ұйымдастырылған. Гір тасын көтеру жарысына қатысу үшін іргелес ауылдар мен елді мекендерден де ересектер, әсіресе, әйелдер келіпті.

Осы орайда Құланды ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтеріп, көпшілікті қажыр-қайратымен сүйсінтті. Ол өзінің перзенттерін де спортқа баулитын көрінеді. Балалары – дзюдодан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама