Депутаттың ұсынысын Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктері болашақта қарастыруы мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірін зейнетке ерте шығару мәселесі болашақта қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев өзекті мәселені көтерді.
«Аутизм, церебральды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балаларға өмір бойы ересек адамның күтімі керек. Оның жанында адам жүруі қажет. Осыған байланысты олардың ата-анасының біреуінің зейнет жасын төмендету жағын қарастырып отырсыздар ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бірге кешенді жұмыс жүргізуді жоспарда бар ма?», - деді ол.
Ақмарал Әлназарова Еңбек министрлігі тиісті қаражаттың көлемін есептеу керектігін атап өтті.
Мен бұл ұсынысты алғаш рет естідім. Негізі мәселені зерттеуге, ұсынысты қабылдауға болады. Біз ұсынысты қарастырымыз, - деді министр Мәжіліс кулуарында журналистерге.