Halyq Uni логотип
×

121 шетелдік елден күшпен шығарылды

Оларға Қазақстанға кіруге 5 жылға тыйым салынды

 Дәурен Ерболат 18.03.2024 | 09:05
121 шетелдік елден күшпен шығарылды
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша өткізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлады Polisia.kz.

5 күнде көші-қон заңын бұзудың 10 мыңнан аса дерегі анықталды:

  • елімізде болу ережелерін бұзғаны үшін 4 475 шетелдік;
  • Заңсыз жұмыс істегені үшін 2 118 шетелдік;
  • шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 613 жұмыс беруші;
  • өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін 2 624 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Сондай-ақ қос азаматтықтың 9 дерегі анықталды. Шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шықты. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды.

Барлық депортацияланған шетелдікке 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Сондай-ақ іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шетелдіктерді елден уақытында кетуін ұйымдастыру керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама