Halyq Uni логотип
×

«Қазавтожол» жүргізушілердің жанайқайына жауап берді

Күйік асуында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген

 Динара Амантай 17.03.2024 | 18:03
«Қазавтожол» жүргізушілердің жанайқайына жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушілері Күйік асуындағы жолдардың жағдайына қатысты наразылығын білдірген болатын. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аталған учаскедегі жол жүру жағдайын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компания мәліметінше, Тараз-Шымкент бағытындағы автожолда ақы алу жүйесі енгізілген.

Өңірдің ландшафтық ерекшелігіне байланысты белгілі бір учаскелерге көліктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ете алмаймыз. Бұл, әсіресе ауыр жүк көліктерге қатысты. Сол себепті жолдың осы бөлігінде жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізу туралы шешім қабылданған. Бұл жол телімі үшін төлем алынбайтынын атап өту керек, – делінген хабарламада.

Бүгінде жүк көліктері «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автожолының 546-557 шақырым учаскесі бойынша өтеді. Жол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған, қазір нашар жағдайда.  Себебі, жол жабыны мезгіл-мезгіл жаңартылып отырғанымен, жолдың негізі өзгеріссіз қалған. Сондықтан, 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйыммен шарт жасалды. Жобаны іске асыру кезеңі 2024-2025 жылдар аралығы. Қазір техника мен персоналды жұмылдыру іспеттес дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біз жөндеу жұмыстарының динамикасы туралы тұрақты негізде хабарлап отырамыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз. Жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, – делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама