Halyq Uni логотип
×

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген әйел Түркияда ұсталды

Ол Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 17.03.2024 | 15:05
Алаяқтық үшін іздеуде жүрген әйел Түркияда ұсталды
Фото: polisia.kz

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Алаяқ әйел қылмыстық топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды қомақты ақшаға алдаған.

Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр. Қазір күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама