×

Абай облысында көлік аударылып, 4 адам зардап шекті

Олар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді

 Динара Амантай 17.03.2024 | 14:00
Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Абай облысында жол апатынан зардап шеккен 4 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, наурыздың 16-нан 17-не қараған түні «Семеновка» ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, зардап шеккен 4 адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Медицина қызметкерлері барғаннан кейін ақпарат расталды.

ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама