Салдарынан жүргізуші қаза тапты
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін ірі сауда орталығының алдында болған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жеткен.
17 наурызда таңғы сағат 5:10-да Алматы қаласының Алмалы ауданында 1985 жылы туған жүргізуші Mitsubishi көлігімен келе жатып, Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев қиылысында, рульді басқара алмай, жол жиегіндегі ағашқа соқтығысқан, – делінген полиция хабарламасында.
Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, сондай-ақ жолаушы дене жарақатын алды.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.