Балалардың құқығын қорғау комитеті хабарлама таратты
Кеше Түркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, 3 баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті әлеуметтік желіде тараған ол ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығыштан тоқ ұрып, 3 баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат тарады. Балалардың құқығын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.