×

«3 баланы телефон қуаттағыштан тоқ ұрды» - министрлік түсінік берді

Балалардың құқығын қорғау комитеті хабарлама таратты

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2024 | 14:36
фото: WhatsApp-пен тараған сурет

Кеше Түркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, 3 баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті әлеуметтік желіде тараған ол ақпараттың фейк екенін мәлімдеді. 

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығыштан тоқ ұрып, 3 баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат тарады. Балалардың құқығын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама