×

Астанада қоғамдық көліктің мерекедегі жұмыс кестесі түсіндірілді

Сапарды жоспарлағанда осы ақпаратты ескеру керек

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2024 | 12:00
фото: tengrinews.kz

Астанада алдағы Наурыз мерекесі күндері қоғамдық көліктің қалай қатынайтыны белгілі болды. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі былайша жұмыс істейді:

  • 21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;
  • 24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram-дағы парақшасынан қарауға болады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама