×

Өскеменде қаскөй жас жігітті көшеде пышақтап кеткен

Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2024 | 10:27
фото: stern.de

15 наурызда Өскеменде полицияға Абай даңғылында қанжоса болып жатқан жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Қазір пышақтап кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ олар желідегі жас жігіттің оққа ұшқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады.

Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертті ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама