Halyq Uni логотип
×

Бүгінде 200 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр – президент

Олар ұлттық ерекшелігін жоғалтпаған

 Дәурен Ерболат 15.03.2024 | 16:39
Бүгінде 200 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр – президент
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір шетелде шамамен 200 мыңға жуық қазақстандықтың заңды түрде жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президенттің пікірінше, қазір шетелде еңбек ету – қалыпты құбылыс.

Американың өзінде Орталық Азиядағы көршілес елдердің мыңдаған азаматы тұрып жатыр. Көбі бизнесін жүргізіп, саудамен айналысады, арасында қалталы адамдар пайда болып жатыр. Бірақ олар өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтқан жоқ. Ең дамыған елдердің азаматтары да шетел асып, табыс табуға намыстанбайды. Заманауи көшпенділер, Modern Nomads дегеніміз – осы. Бұл – бүкіл әлемде болып жатқан үрдіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

Мемлекет басшысы бүгінде қазақстандықтардың да шетелде жұмыс істеп жүргенін атап өтті.

Соңғы жылдары жастарымыз да шетелге жиі шыға бастады. Қазір Қазақстанның 200 мыңға жуық азаматы заңды түрде сыртта жұмыс істеп жүр. Табыс табу үшін шетелде бейресми еңбек етіп жүргендер де бар. Қай жерде болсын, еңбектің, кәсіптің жаманы болмайды. Тек бәрі заңды болуы керек. Сонда мемлекет олардың құқығын қорғап, қандай да бір жағдай болса, көмектесе алады.

Ел ішінде немесе шетелде заңды түрде жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндік туса, одан бас тартпаған жөн. Ең бастысы – адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама