Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды
Петропавлда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Новопавловка кентіндегі саяжайда орналасқан үйде өрт болған. Өрттің салдарынан үйдің шатыры құлады. Оқиға орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
Сағат 12:17-де оқшауланып, сағат 12:32-де жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды.