×

Ерекше күтімді қажет ететін теміртаулық 12 жыл бойы көмек ала алмаған

Прокуратура уәкілетті органның атына ден қою актісін енгізді

 Динара Амантай 15.03.2024 | 12:40
Фото: gov.kz

Теміртау қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында әрекетке қабілетсіз адамның конституциялық құқығының бұзылу фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

12 жыл ішінде сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат қамқорлықсыз және мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалғаны анықталды.

Әрекетке қабілетсіз азаматтың құқығын қорғау мақсатында уәкілетті органның атына прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Органдар әрекетке қабілетсіз тұлғаға дереу көмек көрсетуге бағытталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама