×

Павлодарда оқушылар төбелесті

Іс сотқа жіберілді

 Дәурен Ерболат 15.03.2024 | 11:02
Фото: pikabu.ru

Павлодарда оқушылар төбелесіп, бір бала жарақат алды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы арасында төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Облыстық полиция департаменті болған жағдайға түсінік берді.

13 наурызда мектептің жанында 4-сынып оқушылары ойнаған. Содан кейін олардың арасында түсінбестік туып, жанжал шыққан. Бір оқушы басынан жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, – деді полиция қызметкерлері.

Зардап шеккен 11 жастағы баланы кезекші травматолог қараған.

Балаға жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы деген диагноз қойылды. Оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқушы оны жоғары сыныптағы балалар ұрғанын айтты, - деді облыстық балалар ауруханасындағы дәрігерлер.

Полиция департаменті мәліметінше, төбелес 13, 12, 11, 10 жастағы балалардын арасын болған. Олардың тәртібі мектептің тәртіптік кеңесінде қаралды.

Барлық ата-ана балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қүйекте аталған мектепте тағы шу шыққан еді. Онда 4-сынып оқушысы өзінен төмен оқитын оқушыға зорлық-зомбылық сипаттағы әрекет жасауға итермелеген. Жәбірлеуші оның барлығын видеоға түсірген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, ата-аналарды жауапқа тартқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама