×

Көкшетауда жол ережесін жиі бұзған жүргізуші ұсталды

Ол айыппұл да төлемеген

 Дәурен Ерболат 15.03.2024 | 09:10
Фото: polisia.kz

Көкшетауда полиция жол ережесін 24 рет бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде полицейлер Nissan Primera көлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталды. Көлік бірден айыппұл тұрағына қойылды. 

Сондай-ақ Nissan Primera-ның 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесі1/1 мекенжайында көлік апатына себеп болып, 3 көлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды.

Айта кетейік, 13 наурыздан бастап Ақмола облысында «Борышкер» акциясы өткізіліп жатыр. Іс-шара 31 наурызға дейін жалғасады.

Полиция облыстағы тұрғындарға әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама