×

Киік мүйіздерін Қытайға шығармақ болған қазақстандық ұсталды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 14.03.2024 | 17:59
Фото: МКК

Жетісу облысында киік мүйіздерін Қытайға заңсыз шығармақ болған Қазақстан азаматы анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Биыл 13 наурызда Жетісу облысы бойынша «Қорғас ХШЫО» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Toyota көлігін тоқтатқан. Қазақстан азаматы басқарған көлікті тексеру барысында қосалқы дөңгелектерде жасырылған 205 дана ақбөкен мүйізі табылды. Көлік Қазақстаннан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына келе жатқан.

Бүгінде заңға сәйке процессуалды әрекет жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама