×

Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Малдың иелері анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды

 Дастан Жұмабекұлы 14.03.2024 | 16:50
Фото: railways.kz

Павлодар облысының Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсетілетін учаскесінде екі рет шұғыл тежеу жасалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz

Екеуінде де пойыздың машинисі жылқыларды қағып кеткен. Әуелі 13 наурызда сағат 15:29-да Көктөбе станциясынан 130 шақырымда №2505 жүк пойызының, №0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, 2 жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.

Одан кейін сағат 19:13 шамасында Май-Дегелең станциясы арасындағы 200-шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, 1 жылқыны қағып кетті. Бұл жолы пойыз 12 минут тұрды.

Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде мал иелерін анықтады. Олар Май ауданының, Павлодар облысының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты, – делінген хабарламада. 

Осы оқиға бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша теміржолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама