ТЖД бұл үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілгенін мәлімдеді
Абай облысының Аягөз қаласында көміртегі тотығымен уланудың бірден екі жағдайы тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Екі жағдайда да жеке тұрғын үйлерде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасын тазарту кезінде көміртегі тотығымен улану болған. Салдарынан 2008, 2015 және 2021 жылы туған 3 бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖД бұл үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілгенін мәлімдеді.