Halyq Uni логотип
×

Цифрлық шешімдердің нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі жеңілдеген

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады

 Дәурен Ерболат 14.03.2024 | 16:25
Цифрлық шешімдердің нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі жеңілдеген
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде 30-дан аса цифрлық құжат енгізілгенін, қазақстандықтардың өмірі жеңілдегенін айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда полицияның көмегімен 30-дан аса цифрлық құжат енгізілген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Қазір көліктерді қайта тіркеу транзакцияларының 60%-дан астамы онлайн режимде іске асырылады. Жүргізуші куәліктерін онлайн түрде қайта рәсімдеуге болады. Жеке куәліктерді беруде өзіне-өзі қызмет көрсетуін енгізіп жатырмыз. Қызметтің қолдану аясы кеңейеді деп сенемін. Ішкі істер органдарының жетілген цифрлық инфрақұрылымы осы жетістіктің негізгі факторларының бірі саналады, - деді Бағдат Мусин Digital Police Day: «Заң мен тәртіпті цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында өткен форумда.

Сондай-ақ министр бүгінде көлік кепілін тіркеу және кепілді алып тастау процесінің мемлекеттік қызмет саналмайтынын, бұл қызмет әкімшілік полиция басқармаларында әлі күнге дейін қағаз форматта көрсетілетінін жеткізді. Алайда аталған қызмет түрін де цифрландыруға болады.

Кепілді тіркеу (кепілді алып тастау) үшін әкімшілік полиция басқармасына банктің хатымен келіп, құжаттарды тапсыру керек. Сондай-ақ мұнда сыбайлас жемқорлық тәуекелі де бар. Өйткені қолданыстағы ережелер тіркеу мерзімін 2 жұмыс күні деп белгілейді. Бірақ іс жүзінде полицейлер тіркеуді тезірек аяқтай алады. Сондықтан қызметті мемлекеттік қызмет тізіміне және Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына енгізу ұсынылады. Бұл процесті жеделдетеді. Бір сұранысқа бір күн кетеді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама