Елімізде кальян сататын орындарға жауапкершілік күшеймек
ДСМ мейрамханалар мен түрлі барларда кальян сатылып жатқанын біледі
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева Қазақстанда кальян сататын мейрамханалардың иелеріне жауапкершілік күшейетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, ДСМ мейрамханалар мен түрлі барларда кальян сатылып жатқанын біледі. Бүгінде ведомство талапты күшейту жағын қарастырып жатыр.
Аталған мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айыппұл сомасын көтеру ұсынылып отыр. Заңға жаңа нормалар енгізілмек. Қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Бірақ рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында сататын кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз, - деді Гүлнар Сәрсенбаева Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Сондай-ақ ол жаңа норма аясында айыппұл сомасының артатынын жеткізді.