Halyq Uni логотип
×

«ІІМ-мен келісу ғана қалды»: Қазақстанда жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін

Шектеу 21 жасқа дейін енгізілбек

 Дәурен Ерболат 14.03.2024 | 12:39
«ІІМ-мен келісу ғана қалды»: Қазақстанда жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатпау мәселесі қаралып жатқан айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс қабылдаған «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қаралды.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев балаларға энергетикалық сусын сатуды шектеу керегін, ол түрлі ауру тудыратынын атап өтті.

Заңды қарау барасында Сенат депутаттары балалар мен жасөспірімдердің энергетикалық сусындарды сатуды 21 жасқа дейін шектеуге және заңды қатаңдатуға қатысты ұсыныстар болды. Алайда бұл шешім барлық мәселені шешпейді. Себебі, энергетикалық сусынды тұтыну жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары, мигрень ауырларына алып келеді. Жүкті әйелдерде шарананың дамуына кері әсер етеді.

Үкімет неге Парламент депутаттарының бастамасымен қолдап, бүгінге дейін осы мәселенің қорытындысын бермеді, кешіктірді. Бұл мәселе бойынша нақты ұсынымдарды білгіміз келеді. Бұл қандай мерзімде қандай заң жобасы аясында өзінің заңнамалық шешімін табады? - деді сенатор.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев шектеуді енгізу қарастырылып жатқанын жеткізді.

«Бұл мәселе бойынша жұмысты бастап кеткенбіз. Қазір 21 жасқа дейін жасөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу бойынша АРВ (реттеуші әсерді талдау) дайындалған. Ол үкіметаралық комиссияда мақұлданды. Бүгінде Үкімет қорытындысының жобасы дайын. Барлық орталық мемлекеттік органмен келісілді. Қазір ішкі істер министрлігімен келісу ғана қалды.

Сондай-ақ басқа нормалар бойынша вендинг аппараттарды сату немесе жарнамаларды тыйым салуды көздейтін және АРВ (реттеуші әсерді талдау) мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз Мәжілістегі «Лудомания туралы» заңнамаға осы нормаларды енгіземіз деп ойлаймыз», - деді ол.

Бұған дейін белгілі диетолог Жанна Нұрберген Halyq Uni тілшісіне энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны жайлы айтып берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама