×

Балаларына 5,5 млн теңге қарыз болған әке сотталды

Ер адам балаларын асырау үшін алимент төлеуден жылдар бойы жалтарып жүрген

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2024 | 18:04
Фото: gov.kz

Шымкент қаласында өз балаларына 5,4 млн теңгеден астам берешегі бар ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалалық прокуратура мәліметіне қарағанда, ер адам балаларын асырау үшін алимент төлеуден жылдар бойы жалтарып жүрген. Соның кесірінен кәмелет жасына толмаған ұлы мен қызы күнкөріссіз қалған.

Прокуратура актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен («Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару») іс қозғап, сотқа жіберді.

Жалпы прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 47 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бес борышкерге қатысты үкім оқылып, тиісті жазалар тағайындалды. 52 млн теңгенің алимент берешегі өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама