Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да 20 саяжай учаскесі су астында қалды

Қазір ЖАО мен ТЖД қызметкерлері жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 13.03.2024 | 14:53
ШҚО-да 20 саяжай учаскесі су астында қалды
Фото: видеодан скриншот

ШҚО-да өзендегі кептеліс саяжайлардың аула аумақтарын су басуына әкелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Өскеменде қардың қарқынды еруі және Аблакетка өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 20 саяжай учаскесінің аула аумақтары су астында қалды. Қазір саяжайларда ешкім тұрмайды. Үйлер тек жазда қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен көпірдің астындағы өзен суын жіберу үшін мұзды ұсақтау жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су деңгейі 15-20 сантиметрге төмендеді. Қазір ЖАО мен ШҚО ТЖД қызметкерлері жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама