×

«Отау» ипотекасы: 10 мыңға жуық өтініш кері қайтарылды

Бағдарламаға қатысуға 1 наурыздан бері 16 мың 297 адамнан өтініш түскен

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2024 | 13:31
Фото: smartnews.kz

«Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасына Астана мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Бағдарламаға қатысып жатқандардың көбі – жастар.

«Отбасы банкі» АҚ дерегіне қарағанда, бағдарламаға қатысуға 1 наурыздан бері 16 мың 297 адам өтініш берген. Оның 9 мың 731-і кері қайтарылған. Себебі 9 пайызбен ипотека алғысы келгендер арасында бірнеше өтініш берген адамдар көп болған.

Банк қызметкерлері олардың өтініштері бірден кері қайтарылатынын айтты. Сондай-ақ қатысушылардың тең жартысы негізгі шарттарды орындамаған.

Негізгі шартта «Отау» ипотекасына қатысу үшін «Отбасы банкі» салымшысы болу міндетті. Кемінде 1 млн теңге болатын депозит, сонымен қатар соңғы 5 жылда жеке баспанасының болмауы керек деген шарт бар. Өтініш берген азаматтар шартқа қарамаған.

 «Отбасы банк» АҚ-тың хабаралуынша, бір адамның атынан 20 шақты өтініштің қабылданған жағдайлары анықталып жатыр. Банк бағдарламаға қатыспас бұрын міндетті түрде оған сәйкес келетін-келмейтін тұстарды толықтай анықтап алып барып өтініш беру керектігін ескертіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама