×

Павлодарда пештегі жарықтың кесірінен 27 жастағы жігіт көз жұмды

Оның ата-анасы ауруханада ауыр жағдайда жатыр

 Еркеғали Болатұлы 12.03.2024 | 17:29
фото: Алматы облысының ТЖД

Қайғылы оқиға 11 наурызда қала сыртында болған. Үй иелерінің әріптесі қызметкерлері жұмысқа шықпаған соң алаңдай бастаған. Ал полиция қызметкерлеріне хабарлама сағат 10:05-те түскен. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, 27 жастағы ер адам қаза тапқан. Оның ата-анасы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Пеште ақау пайда болған. Яғни қабырғасындағы жарықтан көміртегі тотығы таралған, – деді Жасұлан Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғаннан бері өңірдің 3 тұрғыны өрт шықпай-ақ көміртегі тотығынан уланып, көз жұмған. Төтенше жағдай 2023 жылдың қазан, ақпан және наурыз айларында болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама