Үкім заңды күшіне енді
Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Соттың шешімімен криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Ол цифрлық активтер саласында лицензиясыз криптовалюта айырбастаумен айналысып, 6 айда 342,8 млн теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан, - деп жазылған хабарламада.
Прокурордың талабымен сотталушының 342,8 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.