×

343 млн теңге заңсыз пайда тапқан астаналық сотталды

Үкім заңды күшіне енді

 Дәурен Ерболат 12.03.2024 | 15:15
Фото: Halyq Uni

Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Соттың шешімімен криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Ол цифрлық активтер саласында лицензиясыз криптовалюта айырбастаумен айналысып, 6 айда  342,8 млн теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан, - деп жазылған хабарламада.

Прокурордың талабымен сотталушының 342,8 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама