Щучье қаласында ресейлік қыз даладан өлі табылды
Түскі ас кезінде ол бұралқы иттерді тамақтандыруға кеткен
Щучье қаласында 1997 жылы туған қыздың денесі табылды. Бұл туралы aqmolive Instagram-парақшасында хабарланды.
Мәйіт 11 наурызда таңертең «Балдәурен» лагері бағытындағы шлагбаумның жанынан табылған. Басылымның мәліметінше, қайтыс болған адамның Ресей азаматы Татьяна Михайлова екені анықталды. Кейінгі 2 жылда ол Щучье қаласында жігітімен бірге тұрған.
Түскі ас кезінде ол бұралқы иттерді тамақтандыруға кеткен. Жігіттің айтуынша, Татьяна кешкі сағат 19:00-де қоңырау шалып, қатты тоңып қалғанын айтып, одан ыстық ванна дайындауды өтінген. Алайда содан кейін байланысқа шықпаған. Ол ішімдік ішпеген, есепте жоқ.
Ақмола облысының полиция департаменті мәйітті алғашқы тексеру кезінде қандай да бір дене жарақаты анықталмағанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Сараптама нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған.