Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады
Ақтөбелік құтқарушылар 7 шетелдік азаматты құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әйтеке би ауданы, «Самара-Шымкент» автожолының 980-шақырымында құтқарушылар техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен Тәжікстан Республикасының 7 адамын құтқарған. Олар «Ақжол» кемпингіне жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Оқиға орнына жеке құрамның 2 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.