Шымкентте жастардан құралған қылмыстық топ бопсалаумен айналысқан
Ұсталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейінгі аралықта
Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін 10 адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан.
Ұсталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейінгі аралықта. Олардың тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.
Қазір аталған маргиналды жастар жасаған қылмыстық құқықбұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.