Halyq Uni логотип
×

Құны 3,5 млрд теңгеден асатын киік мүйізі тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 11.03.2024 | 17:29
Құны 3,5 млрд теңгеден асатын киік мүйізі тәркіленді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе отырып, шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыру күдігі бойынша Қазақстанның 3 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тінту барысында олардан 1 мың 382 дана киік мүйізі алынды.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд теңгеден артық бағаланып отыр.

Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама