×

Алматы полициясы елге заңсыз келген шетелдіктерді іздестіріп жатыр

Қалада «Келімсек» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

 Дастан Жұмабекұлы 11.03.2024 | 17:00
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында «Келімсек» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 11-15 наурыз аралағында өткізіледі.

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.

Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама