Алматы полициясы елге заңсыз келген шетелдіктерді іздестіріп жатыр
Қалада «Келімсек» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Алматы қаласының полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында «Келімсек» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 11-15 наурыз аралағында өткізіледі.
Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда.