Halyq Uni логотип
×

Наурыздағы ҰБТ-ны 13 мыңнан аса талапкер тапсырды

Ережелерді бұзған 11 адамның тест нәтижелері жойылды

 Динара Амантай 11.03.2024 | 15:48
Наурыздағы ҰБТ-ны 13 мыңнан аса талапкер тапсырды
Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Наурыздағы ҰБТ басталғаннан бері 13 мың 19 адам тест тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, 26 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен. ҰБТ басталғалы шекті балды 60% талапкер жинады. Орташа балл 59 болды. Ең жоғары балл – 137.

Наурыздағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 30 наурызға дейін өтеді. Тестілеуге қатысуға 118 мың 505 өтініш түскен. Қазір тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 17,11%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын, 15%-ы шығармашылық бағытты таңдаған. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 27 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 43 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бүгінде 9 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 11 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама