×

«Алматы-Бішкек» тасжолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болған

Айналып өтуге тырысқан 5 көліктің жүргізушісі балшықта қалып қойды

 Динара Амантай 11.03.2024 | 13:00
фото: orda.Kz

Құтқарушылар «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында тұрып қалған көлікті эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19:50-де Алматы облысының Жамбыл ауданында жол жамылғысының нашарлығы салдарынан «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама түскен. Дала жолымен осы учаскені айналып өтуге тырысқан 5 көліктің жүргізушісі балшықта қалып қойды. Оқиға орнына ТЖД мен ЖАО-ның 4 қызметкері мен техникасы шықты.

Сондай-ақ ПД және «Қазавтожол» қызметкерлері жұмыс істеді. Сағат 2:55-те 3 адам, оның ішінде 1 бала бар көлік эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама