Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған
Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінген
Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін Қарғалы ауданының Желтау ауылы аумағында Қарғалы су қоймасының маңында балықшылардың 3 көлікпен қар құрсауында қалғаны туралы хабар түскен. Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінген. Түнгі 3:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар:
- қарауыл бастығы Шернияз Серіков;
- жүргізуші-қызметкер Абай Таймұқанов;
- өрт сөндіруші-құтқарушы Алтынбек Есенаманов;
- ТЖБ аға инженері Салауат Бекмырзаев.