Алматыда автобустар соқтығысты: зардап шеккендер бар
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр
Алматыда автобустар соқтығысып, 6 адам зардап шекті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Көлік апаты 10 наурызда Алатау ауданында болған.
Бекболат пен Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы екі автобус соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, №75 маршруттың автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамау салдарынан №102 автобусқа соғылған. Соңғы қоғамдық көлік аялдамада жолаушыларды түсіріп жатқан, - деп жазылған хабарламада.
Көлік апатынан 6 адам зардап шекті. Деректі Алатау ауданының полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.